2-наурыз күні мектебімізде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Келешек мектеп - заманауи зерттеу құралдарының алаңы» атты қалалық семинар өтті.
Семинар барысында заманауи білім беру үрдісіндегі зерттеу мәдениетін қалыптастыру, инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану және тәжірибе алмасу бағытында мазмұнды шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
Қатысушылар өзара пікір алмасып, кәсіби байланыстарын нығайтып, бастауыш білім берудегі озық тәжірибелермен бөлісті. Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан барлық әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз.
Осындай тағылымды кездесулер білім сапасын арттыруға және болашақ мектептің берік іргетасын қалыптастыруға жол ашады деп сенеміз.