Бір кітап - мың ой. "Парасат" оқырмандар клубының кезекті отырысы өтті. Клуб жетекшісі, география пәні мұғалімі, жас маман Абдрахман Жәнібекұлы
Бүгін ұстаздар қауымымен бірге мазмұнды кітап отырысы өтті. Талқылауға «Балалықтан даналыққа» кітабы таңдалып, әріптестер өз ой-пікірлерін, өмірлік тәжірибемен ұштасқан тұжырымдарын ортаға салды.Кітап балалық сана мен ересек даналықтың арасындағы байланысты, тұлғалық өсу жолын терең пайымдауға жетелейді. Ашық диалог, шынайы пікір алмасу арқылы рухани байып, кәсіби тұрғыда да ой түйдік.
Осындай пайдалы кездесулер жалғасын таба берсін!
Жарайсыздар